Жаһандық жылыну ма: Астанада биыл ауа температурасы бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті

Автор: Асыл Арман

34 жыл бұрынғы рекорд жаңарды

Фото: pixabay.com

Астанада 14 шілдеде ауа температурасы +38,6°C-қа дейін көтерілді. Бұл көрсеткіш елорда үшін жаңа температуралық рекорд болды. Осыған дейінгі рекорд 1992 жылы тіркеліп, ол кезде ауа температурасы +35,3°C-ты көрсеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Жалпы, 2026 жылғы шілде айы Қазақстанның басым бөлігінде аптап ыстықпен ерекшеленді. Ауа температурасы климаттық нормадан 1-4°C-қа жоғары болды. Алматы, Шымкент, Өскемен, Қызылорда және Түркістан қалаларында да температуралық рекордтар жаңарды.

Ең жоғары температура 18 шілдеде Түркістан қаласында тіркеліп, +47,6°C-қа жетті. Шымкентте ауа температурасы +45,2°C-қа, Қызылордада +45,2°C-қа, ал Алматыда +41,5°C-қа дейін көтерілді.