Бұл жайлы ТЖМ өңірлік басқармасы хабарлаған
Ресейдің Алтай Республикасындағы Артыбаш кентінің маңында аю Новосибирск облысынан келген 29 жастағы турист әйелді шатырынан суырып алып, талап өлтiрдi, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Оқиға сәрсенбіге қараған түні Алтай Республикасындағы Артыбаш кентінің маңында болған. Аю 1996 жылы туған әйелді шатырдан сүйреп шығып, мерт қылды», - деп атап өтті ведомстводан.
Сондай-ақ мекеме өкілдері қаза тапқан азаматшаның Новосибирск облысының тұрғыны екенін нақтылады.