Ол 15 тамыз күні сағат 17:00-18:00 шамасында Мұнайлы ауданының Бесшоқы ауылындағы үйінен шығып кеткен
Маңғыстау облысында полиция мен туыстары 31 жастағы Ақтөбе облысының тұрғыны Жандарбек Сейілхановты іздеп жатыр. Ер адам 15 тамыз күні кешке үйінен көлігімен шығып кеткеннен кейін қайтып оралмаған. Қазір оның ұялы телефоны өшірулі. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Аудандық полиция бөлімінің ресми іздеу мәліметіне сәйкес, Жандарбек Сейілханов Бекбергенұлы (1995 жылы туған) 15 тамыз күні сағат 17:00-18:00 шамасында Мұнайлы ауданының Бесшоқы ауылындағы үйінен Toyota Camry көлігімен шыққан. Мемлекеттік нөмірі – 259 AJS 04.
Жоғалған азаматтың туыстарының айтуынша, ол достарымен серуендеп, кейін үйіне қайтпақ болған. Алайда содан бері одан хабар жоқ.
Жандарбек Сейілхановтың бойы 170-175 сантиметр, дене бітімі орташа. Көзінің түсі – қою қоңыр немесе қара, шашы қысқа әрі қара. Үйінен шыққан кезде үстіне ақ жолақты футболка, қоңыр шалбар және қара спорттық аяқ киім киген.
Полиция мен оның туыстары Жандарбек Сейілхановтың жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат білетін немесе аталған көлікті көрген азаматтарды дереу мына телефон нөмірлеріне хабарласуға шақырады: