«Барселона» Родриді «Ман Ситиден» сатып алды

Трансфер құны 76,5 млн еуроны құрады

«Барселона» Родриді «Ман Ситиден» сатып алды
Фото: Getty Images

Родри ресми түрде «Барселонаның» ойыншысы атанды. Каталониялық клуб 30 жастағы жартылай қорғаушының «Манчестер Ситиден» ауысқанын хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Испаниялық футболшымен келісімшарт 2030 жылдың 30 маусымына дейін есептелген.

Бұған дейін жарияланған ақпарат бойынша, трансфер сомасы бонустарды қосқанда 76,5 млн еуроны құрады. Бұл ретте «Барселона» бастапқыда 60 млн еуро төлейді.

Родри «Манчестер Ситиде» 2019 жылдан бері өнер көрсетіп, осы уақыт ішінде командамен бірге 13 трофей жеңіп алды: АПЛ-дың төрт дүркін чемпионы, екі Англия Кубогы, үш Англия лигасының Кубогы, Англия Суперкубогы, Чемпиондар лигасы, УЕФА Суперкубогы және клубтық әлем чемпионаты.

2024 жылы Родри «Алтын доп» жүлдесіне ие болған еді. Ал 2026 жылғы әлем чемпионатында Родри Испания құрамасының капитаны болып, мундиалдың ең үздік ойыншысы атанды.