ТЖМ құтқарушылары жеке тұрғын үйден жыланды алып шықты
Түркістан облысының Леңгір қаласындағы жер үйлердің бірінен жылан шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары жедел аттанды. Арнайы жылан аулау құралдарының көмегімен бауырымен жорғалаушыны қауіпсіз ұстап, тұрғын үйден алып шықты.
Зардап шеккендер жоқ.
«ТЖМ ескертеді: жылан байқалған жағдайда оған жақындамаңыз және бауырымен жорғалаушыны өздігінізден ұстауға немесе қууға тырыспаңыз. Қауіпсіз қашықтықты сақтаңыз», – делінген ведомство хабарламасында.