Партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды
Қазақстан Халық партиясы Түркістан облыстық сайлауалды штабының төрағасы З.Қамбарова Құрылтай сайлауы қарсаңында Сарыағаш ауданында болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚХП Сарыағаш аудандық өкілдігінің кеңсесінде өткен кездесуде жиналғандарға ұйымның «Ел байлығы – халықтың игілігіне» сайлауалды бағдарламасы таныстырылды.