Колледж ұжымы өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ұсыныстары мен пікірлерін білдірді
Қазақстан Халық партиясының сайлауалды науқаны аясында Қарағанды облысының Абай ауданының Агроқалашық ауылындағы Абай көпсалалы колледжінің ұжымымен кездесу өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, оның негізгі бағыттары туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар жастарды толғандыратын өзекті мәселелер мен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мәселелер талқыланды.
Колледж ұжымы өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ұсыныстары мен пікірлерін білдірді.