Кездесуге қатысушылар өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды
Қазақстан Халық партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидаттардың сайлауалды үгіт-насихат жұмысы аясында ҚХП Абай облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ерлан Кеңесбаев пен партия филиалының өкілі Үмітхан Мыңкеев «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК-ның наркологиялық қызмет бөлімі ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесу барысында денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер, наркологиялық қызметтің қазіргі жағдайы, мамандардың еңбек жағдайы және халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру мәселелері талқыланды.
Кездесуге қатысушылар өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салып, саладағы мәселелерді шешудің тиімді жолдары жөнінде ой бөлісті.
Қазақстан Халық партиясы үшін халықпен тікелей байланыс орнату, азаматтардың ұсыныстары мен талаптарын тыңдау және оларды шешуге бағытталған нақты қадамдар ұсыну – басты басымдықтардың бірі.