Шараға барлығы 200-ге жуық адам жиналды
Оралда «Біздің таңдауымыз» атты флешмоб өтіп, оған қала тұрғындары, еріктілер және «Auyl Jastary» жастар қанатының өкілдері қатысты. Шараға барлығы 200-ге жуық адам жиналды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Флешмоб барысында әр көрініске өзіндік мән берілді. Қатысушылар құрастырған «KZ» белгісі ортақ Отан – Қазақстанды білдірсе, киіз үй бір шаңырақ астындағы елдің бірлігі, ұлттық дәстүр мен ұрпақ сабақтастығын бейнеледі.
Композициядағы 5 саны сайлау бюллетеніндегі «Ауыл» партиясының нөмірін білдірді. Ал құсбелгі азаматтың өз таңдауын жасап, азаматтық ұстанымын білдіруінің нышаны ретінде көрсетілді. Сайлау науқанының шешуші кезеңінде ұйымдастырылған шараға әр буын өкілдері қатысты. Әсіресе жастардың белсенділігі байқалды.
Флешмоб барысында таңдау тек бюллетеньдегі белгімен шектелмейтіні айтылды. Ол азаматтың елдің ертеңіне деген көзқарасы мен жауапкершілігін де білдіреді.
«Біздің таңдауымыз» флешмобы осындай идеяны ортаға салып, әр адамның жеке ұстанымы елдің ортақ болашағына қатысты көзқараспен сабақтас екенін көрсетті.