Кездесулер мен акция барысында тұрғындардың нақты мәселелерін тыңдап, оларды шешуге бағытталған ұсыныстарды қалыптастыру қажеттігі айтылды
«Ауыл» партиясының сайлауалды штабының Шымкентке сапары барысында еңбек ұжымдарымен және қала тұрғындарымен бірқатар кездесу өтті. Партия өкілдері «Қазығұрт – юг» кәсіпорнының жұмысшыларымен кездесіп, агроөнеркәсіп пен өндірісті дамыту, инфрақұрылым және еңбек адамын қолдау мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кәсіпорын қызметкерлері өндіріс саласына қатысты өзекті мәселелерді ортаға салып, еңбек жағдайы мен мемлекеттік қолдау тетіктеріне байланысты ұсыныстарын жеткізді. Кездесулерде өңірдегі өндірісті дамыту және еңбек адамдары үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыру мәселелері де сөз болды.
Кездесулер мен акция барысында тұрғындардың нақты мәселелерін тыңдап, оларды шешуге бағытталған ұсыныстарды қалыптастыру қажеттігі айтылды. Ауыл шаруашылығы мен өндірісті дамыту, еңбек адамын қолдау және өңірлердегі жағдайды жақсарту мәселелері іс-шаралардың негізгі бағыттарының қатарында болды.