Солтүстік Қазақстанда «Ауыл» партиясының бастамасымен велошеру өтті

 Іс-шараға қатысушылар қала көшелерімен велосипедпен жүріп өтіп, тұрғындармен тілдесті

Солтүстік Қазақстанда «Ауыл» партиясының бастамасымен велошеру өтті
Фото: видеодан скрин

Солтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына кандидаттардың сайлауалды науқаны аясында «Ауыл» партиясының бастамасымен велошеру ұйымдастырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Іс-шараға қатысушылар қала көшелерімен велосипедпен жүріп өтіп, тұрғындармен тілдесті. Шара барысында партияның сайлауалды бағдарламасындағы негізгі бағыттар мен бастамалар таныстырылды.

Велошеру кезінде тұрғындарға партияның сайлауалды бағдарламасы туралы ақпарат беріліп, оның негізгі басымдықтары түсіндірілді. Іс-шараға қатысушылар мұндай форматтың халықпен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Ауыл» партиясының жалауы желбіреген велошеру сайлауалды науқан аясындағы қоғамдық іс-шаралардың біріне айналды. Шара барысында белсенді азаматтық ұстаным, бірлік және ел болашағына ортақ жауапкершілік тақырыптары айтылды.