Маңғыстауда «Ауыл» партиясы кандидаттары мұнай-газ саласының мамандарымен кездесті

Автор: Асқарова Қарлығаш

Кездесуде өңірдің өндірістік әлеуетін дамыту мәселесі сөз болды

Фото: видеодан скрин

Маңғыстау облысында Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына «Ауыл» партиясынан кандидаттар Қуанышбай Өзғамбаев пен Мақсат Рзаханов «ҚазНИПИмұнайгаз» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. Жиынға партияның сайлауалды штабының өкілдері де қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кездесуде өңірдің өндірістік әлеуетін дамыту мәселесі сөз болды. Атап айтқанда, отандық кәсіпорындарды қолдау, өндіріс саласындағы мүмкіндіктерді кеңейту және еңбек адамдарының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөнінде пікірлер айтылды.

Кәсіпорын қызметкерлері өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, саладағы өзекті тақырыптарға қатысты ұсыныстары мен пікірлерін жеткізді. Кездесу барысында өндіріс мамандарының көзқарастары тыңдалып, өңірдегі еңбек ұжымдарының мәселелері талқыланды.