Ол спорт мәселесін талқылады
Көкшетаудағы Қопа көлінің жағалауында Respublica партиясының өкілдері жастармен және Ақмола облыстық филиалының белсенділерімен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесу барысында көше воркаутының өкілдері өз шеберліктерін көрсетіп, спортпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын дәлелдеді.
Партия мүшесі Имран Ибрагимов жастарды қолдау - партияның сайлауалды бағдарламасындағы маңызды бағыттардың бірі екенін атап өтті.
Тохтар Болысов жастардың жаңа бастамалар мен технологияларды дамытудағы рөліне тоқталды. Оның айтуынша, бүгінгі жастар — өзгерістердің қозғаушы күші. Сондықтан Respublica жастардың идеялары мен жобаларын қолдауға басымдық береді.