Оның негізгі бағыттары айтылды
Өскеменде «Байтақ» партиясының сенімді өкілдері Бақытжан Көпжасаров пен Айдана Несіпбек Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жиын барысында партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырылып, оның негізгі бағыты мен атқарылған жұмысы жайлы айтылды.
Шарада экология және қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар қоғамды алаңдатқан өзекті түйткілдер талқыланып, тараптар өзара пікір алмасты.