Оқу бағдарламасына жаңа пәндер енгізіледі
Жаңа оқу жылының басталуына орай оқу-ағарту министрлігі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары мен үлгілік оқу жоспарларын Жаңа Конституция нормаларына сәйкестендірді. Бұл туралы Үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ведомство басшысының айтуынша, қазіргі уақытта еліміздегі 12 мыңнан астам мектепке дейінгі ұйымда 1 миллионнан астам бала тәрбиеленіп жатыр, оның 360 мыңы мектепалды даярлықтан өткендер.
Республиканың 20 қаласы мен 23 ауданында пилоттық режимде ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізіліп, 1,1 миллион ваучер берілді.
«Осы жобаның арқасында 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың балабақша кезегі 160 мыңнан 23 мыңға дейін күрт қысқарды. Бұл ретте бюджеттің 35,3 миллиард теңгесі үнемделді. Бұдан бөлек, балаларды ерте жастан еңбекке және кәсіпке баулу мақсатында 100 балабақшада арнайы кәсіптік бағдарлау әдістері пилоттық жоба ретінде жүзеге асырылып жатыр», - деді Жұлдыз Сүлейменова.
Сондай-ақ еліміздегі 8 мыңнан астам мектепте 4,1 миллион оқушы білім алып жатыр. Биыл 380 мың бала 1-сыныпқа қабылданса, 11-сыныпқа 227 мың оқушы көшкен. Өткен оқу жылында 230 мыңнан астам түлек мектеп бітірді.
Жаңа оқу жылынан бастап білім беру мазмұнына бірқатар жаңа міндетті пәндер мен курстар енгізіледі:
Сонымен қатар, бұған дейін таңдау пәні болып келген «Құқық негіздері» курсы енді барлық оқушылар үшін міндетті пәнге айналды. Оның мазмұны Жаңа Конституция қағидаттарына толықтай сәйкестендірілген.