Онда партияның сайлауалды бағдарламасы мен негізгі бастамалары көрсетілген
Атырау облысында Қазақстан Халық партиясының сайлауалды үгіт материалдарын тарату жұмысы жүйелі түрде жүріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Партияның сайлауалды бағдарламасы мен негізгі бастамалары көрсетілген қағаздар тұрғындар жиі баратын және көпшілікке қолжетімді орындарда таратылуда.
Бұл жұмыстың басты мақсаты – сайлаушыларға партияның ұстанымдары мен ұсыныстарымен танысуға мүмкіндік беру және ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету.