Қазақстан Халық партиясы Абай облысында жедел жәрдем қызметкерлерімен кездесті
Кездесу барысында медицина саласының қызметкерлерімен ашық пікір алмасу өтті
Қазақстан Халық партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидаттардың сайлауалды үгіт-насихат жұмысы аясында Абай облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ерлан Кеңесбаев пен партия филиалының өкілі Үмітхан Мыңкеев «Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» шаруашылық жүргізу КМК ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесу барысында медицина саласының қызметкерлерімен ашық пікір алмасу өтті. Аурухана – өңірдегі шұғыл медициналық көмек көрсететін маңызды емдеу мекемелерінің бірі. Мұнда жоғары білікті дәрігерлер мен медицина қызметкерлері халықтың өмірі мен денсаулығын сақтауға күн сайын аянбай еңбек етуде.
Жиын барысында Қазақстан Халық партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, медицина қызметкерлерінің еңбек құқықтарын қорғау, лайықты еңбекақы, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, әлеуметтік қолдау шараларын күшейту және денсаулық сақтау саласын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.