Ал фабрика ұжымы өндіріс саласының қазіргі жағдайы мен алдағы даму мүмкіндіктеріне қатысты өз ойларын ортаға салды
Абай облысында «Ауыл» партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат Балнұр Ахметова аяқ киім фабрикасының еңбек ұжымымен жүздесті. Кәсіпорын қызметкерлерімен өткен кездесуде отандық өндірісті дамыту, еңбек адамының мәртебесін арттыру, жұмыс орындарын сақтау және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері сөз болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Фабрика ұжымы өндіріс саласының қазіргі жағдайы мен алдағы даму мүмкіндіктеріне қатысты өз ойларын ортаға салды. Қызметкерлер жергілікті кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеуі үшін өндірісті қолдау шараларының маңызын атап өтті. Сонымен қатар жұмыс орындарын сақтау, өндіріс көлемін арттыру және отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін күшейту мәселелері қозғалды.
Кездесу барысында өңірдегі өндіріс орындарының дамуы жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік беретіні айтылды. Жиында кәсіпкерлер мен еңбек ұжымдарының ұсыныстарын ескерудің маңызына да назар аударылды.