ЖСДП Алатау қаласының тұрғындарымен кездесті

Кездесуде тұрғындар әлеуметтік және еңбек саласына қатысты мәселелерін ортаға салды

ЖСДП Алатау қаласының тұрғындарымен кездесті
Фото: ЖСДП баспасөз қызметі

Алматы облысындағы Еңбек шағынауданында тұрғындармен кездесу өтті. Жиынға ЖСДП-ның Алматы облыстық филиалының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кездесуде тұрғындар әлеуметтік және еңбек саласына қатысты мәселелерін ортаға салды. Әңгіме барысында азаматтардың еңбек құқықтары, әлеуметтік кепілдіктері және бюджет саласында жұмыс істейтін мамандарды қолдау жайы қозғалды.

Тұрғындар өздерін толғандырған мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізді. Сондай-ақ жиында қоғамдық-саяси мәселелерге қатысты пікірлер айтылып, сайлауалды кезеңдегі партиялардың бағдарламалары туралы ақпарат берілді.

Кездесуге қатысушылар азаматтардың ұсыныстарын тыңдап, көтерілген мәселелер жөнінде пікір алмасты. Жиын барысында тұрғындардың өз құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктері туралы ақпаратқа қолжетімді болуының маңызы атап өтілді.