Ол 6 млн-нан астам лайк жинаған
Португалиялық футболшы Криштиану Роналдудың аргентиналық шабуылшы Лионель Мессидің жазбасының астына жазған пікірі Instagram тарихындағы ең көп лайк жинаған пікір болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Роналду Мессиге 8 тамызда 68 жасында өмірден өткен әкесі Хорхе Мессидің қазасына байланысты қолдау сөздерін білдірген еді.
Футболшы жазбаның астына «Осындай ауыр сәттерде саған және жақындарыңа үлкен қолдау білдіремін, Лео. Мықты бол», деп жазды.
Бұл пікір әлеуметтік желі қолданушылары арасында үлкен резонанс тудырып, 6,7 миллионнан астам «лайк» жинады.