Respublica «ЭПК-форфайт» кмпаниясының өкілдерімен кездесті

Автор: Аягөз Құрмаш

Кездесуде жұмысшы мамандықтарының абыройын арттыру мәселесіне де ерекше мән берілді

Фото: Respublica партиясының баспасөз қызметі

Respublica партиясының сайлауалды штабы Қостанай қаласы мен облыстың 14 ауданын электр энергиясымен қамтамасыз ететін өңірдегі ірі электр желілік компаниялардың бірі  «ЭПК-форфайт» ЖШС-не барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кездесуде кандидаттар Нұргүл Тау, Дәурен Мүнкебаев, Руслан Идрисов және Ирина Сулименко еңбек ұжымымен жүздесіп, партияның жұмысы мен сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды.

Әңгіме отандық өндірісті дамыту, халықтың әл-ауқатын арттыру, өңірлерде білім мен медицинаның қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелеріне арналды.

Айтуар Қошмамбетов отандық бизнестің ел экономикасына қосар үлесін атап өтіп, партия төрағасы Айдарбек Ходжаназаров басқаратын «Олжа Агро» және партияның тең төрағасы Динара Шүкіжанова жетекшілік ететін «АгромашХолдинг» АҚ-ны мысалға келтірді. Бұл кәсіпорындар жаңа жұмыс орындарын ашып қана қоймай, өз өңірлерінің әлеуметтік дамуына да жауапкершілікпен қарап келеді.

Кездесуде жұмысшы мамандықтарының абыройын арттыру мәселесіне де ерекше мән берілді. Respublica партиясының бастамасымен ҚБТУ-да уран өнеркәсібі мен болашақ атом электр станциясына қажетті инженерлерді даярлау жұмысы басталды.