Астанада алдағы жексенбі күні автобус пен Tarlan Astana тегін қатынайды

Автор: Асыл Арман

Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік жүйесі де тегін қатынайды

Фото: CTS компаниясы

Астанада алдағы жексенбі – 23 тамыз күні, яғни Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауы өтетін күні, қоғамдық көлік тегін қатынайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

CTS мәліметіше, тегін жол жүру мына бағыттарда қолжетімді:

  • Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік жүйесінде;                                                          
  • қалалық бағдарларда;
  • экспресс-бағдарларда;
  • қала маңы бағдарларында.

«Бұл шара азаматтардың қала ішінде еркін қатынауын қамтамасыз ету және сайлау учаскелеріне қолжетімділікті арттыру мақсатында ұйымдастырылады. Жолаушылардан сапарларын жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруді сұраймыз», – делінген компания хабарламасында.