Тауда адасып кеткен туристер «Қазселденқорғау» бекеттерінен азық-түлік, су және жылынуға қажетті құралдар ала алады
Биік таулы аймақтардағы «Қазселденқорғау» бақылау бекеттерінің жаңа модульдік үйлеріне туристерге арналған арнайы төтенше жағдай қорлары салынған жәшіктер орнатылып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Үш тілде белгі қойылған жәшіктер тауда адасып, ТЖМ-нің бақылау бекетіне жеткен адамдарға арналған.
Төтенше жағдай қоры адамды белгілі бір уақытқа қажетті заттармен қамтамасыз етуге есептелген. Жәшіктің ішінде 10 литр ауыз су, бір бума отын, дәрі қобдишасы, екі тәулікке жететін азық-түлік, ботқаның үш түрі, бұқтырылған еттің екі түрі, кептірілген нан және тұз бар. Сонымен қатар сіріңке мен консерві ашқыш қарастырылған.
ТЖМ мәліметінше, мұндай қорлардың жасақталуы биік таулы аймақтардағы қауіпсіздықты қамтамасыз етудің қосымша шарасы болмақ. Күтпеген жағдайға тап болған турист көмек келгенге немесе жақындарымен қайта байланыс орнатқанға дейін су, азық-түлік және жылынуға қажетті құралдарды пайдалана алады.