Жиында кәсіпорын қызметкерлері өз пікірлерін ортаға салды
Қазақстан Халық партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар Әлімбек Ағыбаев пен Евгений Миронов үгіт-насихат науқаны аясында «Павлодар-Водоканал» ЖШС ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кәсіпорын Павлодар қаласының тұрғындары мен ұйымдарын ауыз сумен қамтамасыз етеді, сондай-ақ су бұру жүйесінің жұмысына жауап береді. Қала өмірінің жайлылығы мен тұрақтылығы кәсіпорын қызметкерлерінің кәсібилігіне тікелей байланысты.
Кандидаттар ҚХП сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды. Ашық диалог барысында еңбек жағдайлары, жұмыс орындарын сақтау, коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және ұжымды толғандыратын басқа да мәселелер талқыланды.
Кәсіпорын қызметкерлері өз пікірлерін білдіріп, кандидаттарға алдағы жұмыста ескеру үшін ұсыныстары мен аманаттарын жеткізді.