Жиында аудан тұрғындары өздерін толғандырған әлеуметтік-экономикалық мәселелерді де көтерді
Қазақстан Халық партиясының сайлауалды науқаны аясында Қарағанды облысында Нұра ауданының тұрғындарымен кездесу өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, халықтың әл-ауқатын арттыру, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету, еңбек адамының құқықтарын қорғау және өңірлерді дамыту мәселелері талқыланды.
Жиын барысында аудан тұрғындары өздерін толғандырған әлеуметтік-экономикалық мәселелерді көтеріп, ұсыныстары мен пікірлерін білдірді. Атап айтқанда, жұмыспен қамту, ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту, жолдардың жағдайы, әлеуметтік нысандардың жұмысы және жергілікті деңгейдегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, тұрғындардың сұрақтарына жауаптар беріліп, көтерілген мәселелерді шешу жолдары талқыланды.