«Ақ жол» партиясы Алматыда еңбек ұжымымен кездесті

Автор: Асыл Арман

Партия «Beta Express» ЖШС-де үгіт-насихат кездесуін өткізді

Фото: «Ақ жол» партиясы/Видеодан скрин

«Ақ жол» демократиялық партиясы 2013 жылдан бері логистика нарығында жұмыс істеп келе жатқан «Beta Express» ЖШС-де үгіт-насихат кездесуін өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Президиумда Сәкен Сартбаев, Ержан Бейсенбаев және Бек-Мұхамед Жаукебаев қатысты.

Партия өкілдері «Ақ жол» бағдарламасы туралы айтып берді, кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап берді және өзекті мәселелерді талқылады.