«Ауыл» партиясы Шығыс Қазақстандағы инфрақұрылым мен әлеуметтік мәселелерді талқылады

Автор: Асқарова Қарлығаш

Кездесулер барысында тұрғындар өңірлерді дамытуға қатысты өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды

Фото: видеодан скрин

«Ауыл» партиясының өкілдері Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында тұрғындармен, еңбек ұжымдарымен, экологтармен, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен, ерекше қажеттілігі бар балалардың ата-аналарымен және партия белсенділерімен пікір алмасты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кездесулерде өңірдегі инфрақұрылымның жай-күйі, әлеуметтік мәселелер, экологиялық қауіпсіздік, ауыл шаруашылығын дамыту және халықтың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау тақырыптары сөз болды. Атап айтқанда, елді мекендерді ауыз сумен және электр энергиясымен қамтамасыз ету, интернет сапасын жақсарту, әлеуметтік нысандарды дамыту, көлік және логистика инфрақұрылымын жетілдіру мәселелері көтерілді.

Сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, қолжетімді орта қалыптастыру және қала мен ауыл арасындағы инфрақұрылымдық мүмкіндіктер айырмашылығын азайту жөнінде ұсыныстар айтылды.

Кездесулер барысында тұрғындар өңірлерді дамытуға қатысты өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.