«Ауыл» партиясының кандидаттары Қызылордадағы медицина мамандарымен пікір алмасты

Медицина қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын ортаға салып, салаға қатысты пікірлерін білдірді

«Ауыл» партиясының кандидаттары Қызылордадағы медицина мамандарымен пікір алмасты
Фото: видеодан скрин

Қызылордада Құрылтай депутаттығына «Ауыл» партиясынан кандидаттар облыстық медициналық орталықтың ұжымымен пікір алмасты. Жиынға Қазақстан Фермерлер қауымдастығының төрағасы Жигули Дайрабаев, «Ауыл» партиясының Қызылорда облысындағы өңірлік штабының жетекшісі Садық Мұстафа және Сәкен Алдашбаев қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кездесуде медициналық орталықтың жұмысы мен өңірдегі денсаулық сақтау саласына қатысты мәселелер талқыланды. Медицина қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын ортаға салып, салаға қатысты пікірлерін білдірді.

Сонымен қатар партия өкілдері медицина орталығының қызметкерлеріне өздерінің сайлауалды бағдарламасындағы негізгі бағыттар туралы ақпарат берді.