«Ауыл» партиясының кандидаттары Шығыс Қазақстандағы аграрлық ғылымды талқылады

Қатысушылар отандық тұқым шаруашылығын дамыту, ғылыми зерттеулерді қаржыландыру бойынша ұсыныстарын ортаға салды

«Ауыл» партиясының кандидаттары Шығыс Қазақстандағы аграрлық ғылымды талқылады
Фото: видеодан скрин

Шығыс Қазақстан облысында Құрылтай депутаттығына «Ауыл» партиясынан кандидаттар майлы дақылдар бойынша тәжірибелік шаруашылық ұжымымен пікір алмасты. Жиынға «Ауыл» партиясының төрағасы Қайрат Айтуғанов, Ілияс Досқожаев, Ажар Қажыбекова, Айбек Қуатбай, Фарид Әбитаев, сондай-ақ ғылыми орта өкілдері мен аграрлық сала мамандары қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кездесуде отандық аграрлық ғылымды дамыту, селекциялық әлеуетті күшейту, импорттық тұқымға тәуелділікті азайту және шаруаларды сапалы тұқыммен қамтамасыз ету мәселелері сөз болды.

Қатысушылар отандық тұқым шаруашылығын дамыту, ғылыми зерттеулерді қаржыландыру, цифрлық технологияларды енгізу және ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау бойынша ұсыныстарын ортаға салды.

Сонымен қатар кандидаттар кәсіпорынның ғылыми-өндірістік базасымен танысып, селекциялық жұмыстар мен тұқым өндіру технологияларының барысын көрді.