Жиында ауыл тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімді болуы талқыланды
Ақмола облысында Құрылтай депутаттығына «Ауыл» партиясынан кандидаттар Қорғалжын ауылындағы аурухана ұжымымен пікір алмасты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жиында ауылдағы медициналық қызметтің сапасын арттыру, денсаулық сақтау жүйесін дамыту, медициналық ұйымдарды білікті мамандармен және заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мәселелері сөз болды. Сондай-ақ ауыл тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімді болуы талқыланды.
Жиынға Құрылтай депутаттығына «Ауыл» партиясынан кандидаттар Қарақат Әбден, Дәурен Бабамұратов және Айнагүл Өстемірова қатысты.
Медицина қызметкерлері ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау саласына қатысты өздерін толғандырған мәселелер мен ұсыныстарын ортаға салды. Атап айтқанда, медициналық ұйымдардың жұмысын ұйымдастыру және ауыл тұрғындарына көмек көрсету жағдайына қатысты пікірлер айтылды.