Оған арнайы жауапкершілік енгізілді
Экология және табиғи ресурстар министрлігі 2026 жылғы 6 тамыздағы бұйрығымен Үй жануарларын ұстау мен серуендетудің үлгілі ережелеріне түзетулер енгізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Үй жануарларын әрі қарай ұстау мүмкін болмаса, оның иесі немесе жауапты тұлға жануарды әрі қарай орналастыру шараларын қабылдауға міндетті. Оның ішінде жануарды баспанаға (приют), уақытша ұстау пунктіне немесе оған қажетті жағдай жасай алатын басқа жеке және заңды тұлғаларға беру қарастырылған.
Сонымен қатар, үй жануарын уақытша ұстау пунктіне өткізген кезде, оның иесі немесе жауапты тұлға жануардың құқықтық тағдыры шешілгенге дейін оны бағып-қағуды қамтамасыз етуді өз мойнына алады.
Мұнымен қоса, жануардан бас тарту оған өзге тұлға меншік құқығын алғанға дейін, жануар баспанаға берілгенге дейін немесе уақытша ұстау пунктінде оның құқықтық тағдыры шешілгенге дейін иесінің жауапкершілігі мен міндеттерін тоқтатпайды.
Бұйрық 24 тамыздан бастап өз күшіне енеді.