Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл облыстарда 38 градусқа дейін ыстық болады

Фото: ашық дереккөзден

СҚО, ШҚО, Қостанай, Қызылорда және Ақмола облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

3 тамыз күні Солтүстік Қазақстан облысында 35-36 градус ыстық болады. Сонымен қатар оңтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Қостанай облысында күндіз 35-38 градус аптап ыстық болады. Оңтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Шығыс Қазақстан облысында күн күркіреп, шаңды дауыл, солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Күндіз 35 градус ыстық болады.

3 тамыз күні Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел, шаңды дауыл соғады. Күндіз 40 градусқа дейін ыстық болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысында 35-36 градус ыстық болады. Солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.