Байтақтықтар ұстаздармен кездесті

Автор: Аягөз Құрмаш

Іс-шараға 30-ға жуық мұғалім қатысты

Фото: «Байтақ» партиясы

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының хатшысы әрі Құрултай депутаттығына үміткер Владимир Мартель Алматыдағы үгіт-насихат жұмысын жалғастырды. Ол №80 мектепке барып, педагогикалық ұжыммен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жиында кандидат партияның негізгі жұмыс бағыты мен сайлауалды бағдарламасының басты басымдықтарын таныстырды.

Пікір алмасу форматында өткен кездесуде ұстаздар қауымы тосылып қалмады. Түрлі мәселені көтеріп, ұсыныс-ескертпесін ортаға салды. Атап айтқанда, оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, мектеп аумағын абаттандырып-көгалдандыру сынды тақырыптар кеңінен талқыланды. Сондай-ақ мұғалімдерді әлеуметтік қамсыздандыру, зейнет жасын төмендету секілді өзекті түйткілдер де айтылды.