Акция барысында тұрғындар партия өкілдеріне өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сайлауалды бағдарлама туралы ақпарат алды
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының Ақтөбе облыстық филиалы жастар қанатымен бірлесіп, қалада көше акциясын өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Шара барысында партия өкілдері би флешмобын ұйымдастырып, тұрғындармен ашық микрофон форматында кездесті. Сондай-ақ партияның «Прогресс жолындағы 20 белес» деп аталатын сайлауалды бағдарламасы таныстырылды.
Кездесу кезінде қала тұрғындарына бағдарламаның негізгі бағыттары жазылған ақпараттық материалдар таратылды. Буклеттерде құжатпен толық танысуға мүмкіндік беретін QR-код та орналастырылған.
«Біз үшін халықпен тікелей сөйлесіп, азаматтардың пікірін тыңдау маңызды. Сондықтан дәстүрлі кездесулермен қатар, жастарға жақын осындай форматтарды да пайдаланып отырмыз. Бүгін тұрғындармен сөйлесіп, олардың сұрақтарын тыңдадық», – деді Құрылтай депутаттығына кандидат Аружан Әленова.
ЖСДП филиалының мәліметінше, акция барысында тұрғындар партия өкілдеріне өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сайлауалды бағдарлама туралы ақпарат алды.