Алматыда ҚХП мүшелері мүгедектігі бар жандар қоғамымен түйткілді мәселелерді талқылады

Автор: Асыл Арман

Кездесу барысында қоғам мүшелері күнделікті кездесетін мәселелер жөнінде мәселе көтерді

Фото: ҚХП/Видеодан скрин

Алматыда Қазақстан Халық партиясы үгіт-насихат жұмыстары аясында Алатау ауданының мүгедектігі бар жандар қоғамымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кездесу барысында қоғам мүшелері өз ойларымен бөлісіп, әлеуметтік өмірге белсенді араласу, инфрақұрылымның қолжетімділігі және күнделікті кездесетін мәселелер жөнінде әңгіме өрбіді.

«Бүгінгі жүздесу – жай ғана кездесу емес, тәжірибе мен пікір алмасуға арналған маңызды алаң болды. Халықпен жүздесу жалғасып жатыр. Алдымызда – жаңа кездесулер, жаңа ойлар және жаңа қадамдар», – деп жазды партияның баспасөз қызметі.