Алматыда ҚХП мүшелері Қазақ спорт және туризм академиясының басшылығымен кездесті

Автор: Асыл Арман

Тараптар спорт саласының дамуын талқылады

Фото: ҚХП/Видеодан скрин

Қазақстан Халық партиясының өкілдері үгіт-насихат жұмыстары аясында Қазақ спорт және туризм академиясының басшылығымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Партияның баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сүйенсек, тараптар спорт саласының дамуы, білім беру және жастарға жаңа мүмкіндіктер қалыптастыру мәселелері бойынша пікір алмасты.

«Маңызды мәселелер талқыланып, тәжірибе бөліскен мазмұнды кездесу болды», – делінген хабарламада.