Кездесу барысында партия өкілі Асхат Бәзілов өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларының өкілдері қойған сұрақтарға жауап берді
ҚР Құрылтайы депутаттығына «Ауыл» партиясынан кандидат Асхат Бәзілов Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының еңбек ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесу барысында Асхат Бәзілов партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларының өкілдері қойған сұрақтарға жауап берді.
Жиында аталған салаларды дамытуға қатысты өзекті мәселелер талқыланып, қатысушылар өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды.