ЖСДП кандидаты Жетісуда кәсіпкерлік пен еңбек мәселелерін көтерді

Автор: Асқарова Қарлығаш

Асхат Бәзілов тұрғындар мен еңбек ұжымдарының ұсыныстары алдағы жұмыстың бағыттарын айқындауда маңызды екенін атап өтті

Фото: видеодан скрин

Жетісу облысында ҚР Құрылтайы депутаттығына ЖСДП атынан кандидат Асхат Бәзілов «Дәмді» жеке кәсіпкерлігінің еңбек ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жиында кандидат ЖСДП-ның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарына тоқталып, кәсіпорын қызметкерлерінің ұсыныстары мен сауалдарын тыңдады. Кездесуде кәсіпкерлікті қолдау, еңбек адамдарының жағдайын жақсарту және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері сөз болды.

Асхат Бәзілов тұрғындар мен еңбек ұжымдарының ұсыныстары алдағы жұмыстың бағыттарын айқындауда маңызды екенін атап өтті. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған мәселелерін ортаға салды.