Қазақстанда былтыр сұлулық саласына жұмсалған қаражат 127 млрд теңгеден асты – статистика

Автор: Асыл Арман

Ал шаштараз қызметтеріне 67,5 млрд теңге жұмсалған

Фото: istockphoto.com

Қазақстанда өткен жылы сұлулық саласында көрсетілген қызметтердің көлемі 127,3 млрд теңгені құрады. Оның ең үлкен үлесі шаштараз қызметтеріне тиесілі – 67,5 млрд теңге. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 5,3%-ға артық, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, маникюр мен педикюрді қоса алғанда, косметикалық қызметтердің көлемі 7,5 млрд теңгені құрады.

Сұлулық салондары көрсететін өзге де қызметтердің көлемі 52,3 млрд теңгеге жетті. Оның ішінде адамның өңделмеген шашына қатысты қызметтер де бар.

«Сұлулық саласының дамуы қалалармен қатар ауылдық жерлерде де байқалады. 2025 жылы ауылдардағы шаштараз қызметтерінің көлемі 2024 жылмен салыстырғанда 4,2%-ға өсіп, 34,3 млрд теңгеге жетті. Сонымен қатар, ауылдық жерлерде сұлулық салондарының өзге де қызметтерінің көлемі 1,9 млрд теңгені, ал косметологиялық қызметтердің көлемі 814,9 млн теңгені құрады», – делінген бюро хабарламасында.