Кейбір маркалардың жарығында ақау болған
Америкалық Tesla электромобиль өндірушісі жақыннан жағатын фарларының шамадан тыс жарықтығына байланысты АҚШ-тағы 20,3 мың көлігін кері қайтарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы АҚШ Жол қозғалысы қауіпсіздігі ұлттық басқармасының (NHTSA) баспасөз қызметі хабарлады.
Фарлардың артық жарқырауы қарсы келе жатқан көлік жүргізушілерінің көру мүмкіндігін шектеп, соқтығысу қаупін арттыратыны атап өтіледі.
Компания Tesla Model 3 және Model Y электромобильдерін кері қайтарып жатыр.