ТЖМ-ға зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат түскен жоқ
Алматы қаласында 2 балдық жер сілкінісі сезілді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.
«ҚР ТЖМ «Ұлттық сейсмологиялық зерттеулер және сейсмологиялық ақпарат ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2026 жылғы 12 тамызда Астана уақытымен сағат 12:14-те жер сілкінісін тіркеді. Сезілу күші: Алматы қаласында – 2 балл», – делінген ведомство хабарламасында.
ТЖМ-ға зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат түскен жоқ.