Мектеп оқушысының сөмкесі қанша келіден аспауы керек: министрлік жауап берді

Автор: Асқарова Қарлығаш

Ал мамандар бос рюкзактың өзі 1 келіден аспауын ұсынады

Фото: ЖИ арқылы жасалды/ChatGPT

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі мектеп оқушыларының сөмкесі дене салмағының 10%-нан аспауы керегін ескертті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мысалы, баланың салмағы 30 келі болса, толық жиналған сөмкесі 3 келіден ауыр болмауы тиіс.

Ал оқу құралдарының рұқсат етілетін салмағы:

  • 1-3 сынып – 2 келіге дейін;
  • 4-5 сынып – 2,5 келіге дейін;
  • 6-7 сынып – 3,5 келіге дейін;
  • 8-11 сынып – 4,5 келіге дейін.

Мамандар бос рюкзактың өзі 1 келіден аспауын ұсынады. Сондай-ақ сөмкенің арқасы қатты, иықбаулары кең әрі жұмсақ, ұзындығы реттелетін болғаны дұрыс. Қараңғыда баланың көрінуін арттыру үшін жарық шағылыстыратын элементтердің болғаны жөн.