«Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС – Шахтинск қаласын толық жылумен қамтамасыз ететін маңызды кәсіпорындардың бірі
Қазақстан Халық партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында «Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС еңбек ұжымымен кездесу өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесу барысында кәсіпорын қызметкерлеріне Қазақстан Халық партиясының «Ел байлығы – халық игілігіне!» атты сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары мен басымдықтары таныстырылды.
«Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС – Шахтинск қаласын толық жылумен қамтамасыз ететін маңызды кәсіпорындардың бірі. Осыған байланысты кездесуде жылу энергетикасы саласының тұрақты жұмыс істеуі, еңбек адамдарының әлеуметтік жағдайын жақсарту, сондай-ақ қауіпсіз әрі қолайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кәсіпорын қызметкерлері жылу энергетикасы саласындағы өзекті мәселелерді көтеріп, еңбек жағдайларын жақсарту, әлеуметтік қолдау көрсету және сала мамандарының еңбегін лайықты бағалау жөніндегі ұсыныстарын білдірді. Сонымен қатар қала тұрғындарын жылумен үздіксіз қамтамасыз ету, коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және оның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.