ҚХП мүшелері Жамбыл облысында колледж ұжымымен кездесті

Автор: Асыл Арман

Кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды

Фото: ҚХП

Қазақстан Халық партиясы Жамбыл облыстық сайлауалды үгіт-насихат тобы Т. Рысқұлов ауданына жұмыс сапары барысында Құлан агротехникалық жоғары колледжінің ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, жастардың білім алуы мен кәсіби мамандықтарды игеруі жөнінде пікір алмасты. Ұжым өкілдерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалды.