«Ақ жол» өкілдері Шымкентте энергетика саласының мамандарымен маңызды мәселелерді талқылады

Автор: Асыл Арман

Жиында ел экономикасының тұрақты дамуы үшін энергетика саласының маңызы айтылды

Фото: «Ақ жол» партиясы/Видеодан скрин

«Ақ жол» демократиялық партиясы Шымкент қалалық сайлауалды штабының өкілдері сайлауалды үгіт-насихат жұмысы аясында «3-Энергоорталық» АҚ-на барып, кәсіпорын ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кездесу барысында партия өкілдері «Ақ жол» ҚДП-ның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, кәсіпорын қызметкерлерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Сондай-ақ ел экономикасының тұрақты дамуы үшін энергетика саласының маңызына тоқталды.

«3-Энергоорталық» АҚ 2000 жылғы 20 наурызда құрылған. Кәсіпорынның негізгі қызметі – жылу және электр қуатын өндіру. Компания Оңтүстік Қазақстан облысы мен Шымкент қаласындағы №3 жылу электр станциясы кешенінің меншік иесі болып саналады. Қазіргі таңда өндірілген жылу энергиясы «Қуат-Жылу-Орталық-3» кәсіпорнына жеткізіледі. Кәсіпорын жылына орта есеппен 700 млн кВт сағ. электр қуатын өндіреді.

Кездесуде сөз алған «Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалының төрағасы, Құрылтай депутаттығына үміткер, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Мұхтар Шимиров энергетика саласының ел экономикасындағы стратегиялық рөліне тоқталды.