«Ақ жол» партиясы Жетісуда кәсіпкерлікке жағдай жасау мәселесін талқылады

Автор: Асыл Арман

Жиында сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту мәселесі де сөз болды

Фото: «Ақ жол» партиясы/Видеодан скрин

«Ақ жол» демократиялық партиясының Жетісу облыстық филиалының өкілдері «Талдықорған орталық бассейні» ұжымымен мазмұнды кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ашық әрі қызу форматта өткен жиында Құрылтай депутаттығына кандидат, партияның өңірлік филиал төрағасы Ермек Егінбаев ел болашағы мен өңір тынысын жақсартуға бағытталған сайлауалды бағдарламаның негізгі басымдықтарын таныстырды.

Спикер шағын және орта бизнесті қолдау, кәсіпкерлікке қолайлы орта қалыптастыру, әлеуметтік әділеттілік қағидаттарын орнықтыру, сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған пәрменді бастамаларға жеке-жеке тоқталды.

«Әлеуметтік әділеттілік пен ашықтық – бұл жай сөз емес, әрбір азаматтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған нақты қадамдар», – деп атап өтті Ермек Егінбаев.

Кездесу барысында спорт кешенінің қызметкерлері сұрақтарын қойып, кандидатпен еркін пікір алмасты.