11.08.2026, 14:48
Жаңалықтар
Лионель Месси әкесінің қазасына байланысты карьерасын уақытша тоқтатты
Месси әзірге Аргентинада болады
Фото: ELLIS / AFP via Getty Images)
Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси әкесі Хорхе Мессидің қайтыс болуына байланысты ойындарға қатысуды уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Футболшы отбасындағы ауыр кезеңде жақындарының жанында болғысы келеді, бұл туралы аргентиналық Doble Amarilla басылымы хабарлады.
Дереккөздің мәліметінше, Месси әзірге Аргентинада болады. Оның АҚШ-қа қашан оралатыны және «Интер Майами» сапындағы ойындарын қай уақытта қайта жалғастыратыны әлі белгісіз.
Хорхе Месси созылмалы аурудан кейін 68 жасында өмірден өтті. Айта кету керек, ол футболшының әкесі ғана емес, сонымен қатар оның агенті болып, Лионельдің спорттағы қалыптасуы мен кәсіби карьерасында өте маңызды рөл атқарған еді.
Көп оқылған
24.09.2026, 15:22
Тоғыз сарбаз қаза тапты, тағы жетеуінен хабар-ошар жоқ: Ақтауға Қанат Бозымбаев аттанды
24.09.2026, 14:10
Шұғыл жағдай: Каспий теңізінде 19 әскери қызметкер суға кетті, 9-ының мәйіті табылды