Ол бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді
Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг комитеті Экономикалық тергеу қызметі өкілдерінің Денсаулық сақтау вице-министрінің ұсталғанын растайды. Ол бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді», - деп жазылған хабарламада.
Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Министрліктің хабарлауынша, сотқа дейінгі тергеу туралы мәліметті жариялауға болмайды.
Айта кету керек, Олжас Әбішев 2018 жылы денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалған еді. Ол цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік саласына жауап берді.