KASE-де доллар, рубль және юань бағамы төмендеді
Қазақстан қор биржасында (KASE) 10 тамызда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 466,08 теңгені құрап, 3,6 теңгеге арзандады.
Ресей рублінің бағасы 0,07 теңгеге арзандап, 5,64 теңге болды. Қытай юанінің бағамы 0,61 теңгеге төмендеп, 68,47 теңгені құрады.
Қазақстанның айырбастау пунктерінде долларды орта есеппен 466,15-468,19 теңгеден сатып алып, сатылып жатыр. Еуроның бағасы 536,08-541,32 теңге аралығында болса, Ресей рублі 5,36-5,51 теңгеден саудаланып жатыр.
Қазақстан Ұлттық банкінің 10 тамызға белгілеген ресми бағамы бойынша доллар – 469,93 теңге, еуро – 541,64 теңге, Ресей рублі – 5,71 теңге.