Қайғылы оқиға Жүнісов көшесіндегі тұрғын үй кешендерінің бірінде болған
Алматының Наурызбай ауданында 17 жастағы қыз көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қайғылы оқиға Жүнісов көшесіндегі тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. Марқұм қыз құрбыларына қонаққа барған. Қыздың анасының айтуынша, телефонмен сөйлескен кезде қызының достарымен бірге алкоголь ішкенін біліп, оған ұрысқан. Кейін қыз жігітіне хабарласып, үйіне алып кетуін сұраған. Жігіті тұрғын үй кешеніне келгенімен, пәтерге көтеріліп үлгермеген. Осы кезде қыз терезеден құлап кеткен.
Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, болған жағдайға байланысты Наурызбай аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғаған.
«Осы факті бойынша Наурызбай аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазір оқиғаның себебі мен барлық мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Құқық қорғау органдары қайғылы оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.